Менің алғашкы энциклопедиям
Бұл энциклопедияның көмегімен сіздің балаңыз көптеген жаңа және пайдалы ақпараттарды біле алады. Әр баланың білуге деген құштарлығын, қызығушылығын оның сан сұрақтарға жауап іздеуінен байқауға болады. Балалар «Неге Ай Жерге құлап түспейді? Динозаврлар қайда кетті? Мен қалай пайда болдым? Ұшақ қалай құрастырылған? Найзағай неге жарқылдайды?» деген сияқты көптеген сұрақтар қояды. Бұл кітаптан сіздің балаңыз өзінің сұрақтарына жауап тауып қана қоймай, ересектер де қызықты ғажайып мәліметтермен танысады. Балалардың түсінігіне жеңіл, қысқаша, бірақ ақпараттарға толы мәтіндер мен әсем безендірілген суреттер кітапты балаңыздың нағыз досына айналдырады. Кішкентай оқырман танымын толықтырумен бірге алғашқы анықтамалық әдебиеттермен жұмыс жасай білу дағдыларын алады. Ары қарай ол көптеген басқа да қызықты, пайдалы кітаптар оқиды, бірақ ең алғашқы энциклопедиясын ешқашан да ұмытпайтын болады.
Вернуться в каталог
|